USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Атмосфераға зияны аз отын

Атмосфераға зияны аз отын

Болашақта өңірдің жылу қазандықтарында сукөмірлі шикізат пайдаланылуы мүмкін. Ондағы басты ерекшелік - қоршаған ортаға шығарылатын газдың құрамында зиянды заттар мейлінше аз.

Көмір мен судың қоспасы негізінде дайындалатын мұндай сұйық отын Ресейде бұрыннан кәдеге жаратылып келсе, көрші Қытайда таяуда ғана қолға алыныпты. Ал біздің елде бұл алғаш рет 2009 жылы Теміртау қаласында қолданыс тапқан. Енді міне, тиімділігі жоғары экологиялық таза отынды өндіріске енгізуді өскемендік «Вибромаш УК» ЖШС ұсынып отыр.

Мамандардың айтуынша, бұл шикізатты кәдімгі таскөмірдің орнына пайдалануға болады. Оған қоса сұйық отынның бір жақсысы арнайы тазарту құрылғысын орнатуды қажет етпейді. Қазандықтардың қалдықсыз технология бойынша жұмыс істеуіне мүмкіндік бар.

Әзірге сукөмірлі отынды бір қазандықта сынақтан өткізіп көрмек. Егер сәтті өтсе, өңірдегі өзге қазандықтарға да аталмыш технология енгізілетін болады.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде