USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жаңа көпір мен жолайрық Өскеменде салынады

Жаңа көпір мен жолайрық Өскеменде салынадыӨскемен қаласының Ертіс көпірі ауданында жолайрық пайда болады.

Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің алдында екі деңгейлі жолайрық салу жобасы дайындалу үстінде. Бұл көпірлік құрылыстардың арқасында қарбалас сәттердегі көлік кептелістерінің түйіні шешіледі деп күтілуде.

Ертіс көпірін қайта жарақтандыру, Өскемен және Семей қалаларын абаттандыру мәселесіне арналған кезекті жиында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов жобалау жұмыстарын жылдамдатып, көпір аумағындағы жолайрық құрылысын биыл бастап кетуді тапсырды.

- Ең әуелі жолайрық құрылысын қолға алу керек болған. Көпірді содан кейін барып жарақтандыру қажет еді. Осыған дейін айтып жүргенімдей, жолайрық мәселесін шешіп алмасақ, көпірді үлкейткеннен пайда жоқ, - деді ШҚО әкімі.

Қажетті құжаттарды дайындауға нақты мерзімдер белгілеген Даниал Ахметов 15 мамырға дейін техникалықэкономикалық негіздеме дайын болу керектігін ескертті. Жобаны қаржыландыру мәселесін Ұлттық экономика министрлігі пысықтайтын болады.

Сондай-ақ, облыс әкімі облыс орталығын жарықтандыру және Семей қаласындағы субұрқақты абаттандыру бойынша тапсырмалар жүктеді.

- Қаланың орталығы жастарды өзіне тартып тұруы керек. Түстердің әркелкі болуына мән берілуі қажет. Адамдар Өскемендегі Республика алаңын көрген кезде оның қаланың орталығы екенін айтпай-ақ тани алғаны абзал, - деді аймақ басшысы.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде