USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Көңілділер мен тапқырлар күлкі сыйлады

Көңілділер мен тапқырлар күлкі сыйлады

Жастардың қызығып ойнайтын, көрерменнің тамсана тамашалайтын Жайдарман ойыны тағы да жалынды жастардың басын қосты. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде дәстүрге айналған бұл ойын студенттердің тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Бұл жолы Жайдарман ойыны Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі мен Жоғары оқу орнына дейінгі даярлау орталығының ұйымдастыруымен университет ректорының кубогына арналған Семей қаласының мектеп командалары арасында өткізілген болатын.

Ойынға мектеп оқушыларынан құралған 8-ден аса команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Осылайша, қатысушылар «Сәлемдесу» кезеңі бойынша бақ сынасып, әзілге толы тамаша ойын өрнегін көрсетті.

Ойын қорытындысы бойынша көрерменнің ерекше ықыласына бөленген №35 мектептің «Апамның ыстық бауырсақтары» командасы 1-орынмен жеңіске жетті. Ал, 2-орынды №23 мектептің «Қызғалдақтар» командасы иеленсе, 3-орынды №37 мектептің «Голливуд» командасы қанағат тұтты.

Оқушылардың айтуы бойынша, «Жайдарман» ойынының жоғары деңгейде өткізілуі қуантарлық жайт. Себебі мұндай игі іс-шаралар өнерлі жастардың шыңдалуына үлкен септігін тигізеді. Сондықтан да, оқушылардың аталмыш көңілді тапқырлар ойыны әлі де жалғасын табатынына сенімдері мол.

Нұрсұлу Саветқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жайдарман
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде