USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Томск бизнесмендері біріккен кәсіпорын құруға ынталы

Томск бизнесмендері біріккен кәсіпорын құруға ынталы

Ресейдің Томск облысының бизнесмендері екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты арттыру мақсатында Өскеменге келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Томск кәсіпкерлерінің сапары Шығыс Қазақстан облысы орталығындағы «Өскемен арматура зауыты», «Өскемен конденсатор зауыты», «Кэмонт», «Қазцинк» сияқты ірі өндіріс орындарымен танысудан басталды. Облыс кәсіпкерлері палатасының директоры Игорь Шацкий көрші елдің кәсіпкерлеріне облыстың экономикалық әлеуеті, палата жұмысы туралы әңгімелеп, отандық өнімді сыртқы, ішкі нарыққа шығарудың болашағына тоқталды.

Томск қаласындағы «Луквис» ААҚ директоры Владимир Лукашев палата директорына шығысқазақстандықтармен бірге Өскеменде жарықдиодты шамдар шығаратын біріккен кәсіпорын ашу туралы ұсынысын білдірді. Біздің облыста шағын және орта бизнестегілерді қолдауға айрықша көңіл бөлініп жатқанына назар аударған Ресей кәсіпкерлері екіжақты сауда-саттықты дамытумен бірге, бірлесе отырып экологиялық технологияларды пайдалануды жетілдіру, кадрларды қайта даярлау сапасын арттыруға да ынталы екендіктерін жеткізді.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде