USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Кішкентай перизат» байқауы өтті

«Кішкентай перизат» байқауы өтті

Жастар үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық Наурыз Мерекесіне орай дәстүрлі түрде ШҚО Жарма ауданында жыл сайын тұрақты түрде «Кішкентай перизат» байқауы өткізіліп келеді. Осы жолы аудандық жастар үйінде өткен «Кішкентай перизат - 2015» атты 4 кезеңнен тұратын сайысқа «Айгөлек», «Алтынай» балабақшаларының. Геориевка мен Абай және Маяковский атындағы мектептердің мектеп алды дайындық топтарынан 8 бүлдіршін қатысты. Бүлдіршіндер өз өнерлерін жарқырата танытқан байқау өзін таныстыру, өнер және сән көрсету, ең үздік фото сынды түрлі бөлімдерден тұрды.

Осылайша балғындардың қызықты өнер тартысына арқау болған байқауда бірнші орынды Муташ Айзада мен Оралтаева Қазизалар өзаара бөлісіп, жеңімпаз атанса, 4-5 жастағы бүлдіршіндер арасында «Кішкентай перизат» сайысының қалған қатысушылары: Оралғазы Аяла, Асхатқызы Аяна, Тілеубек Алима, Мұхият Ділнұрлар ұйымдастырушылар тарапынан ескерткіш сыйлық және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде