USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жеңіл атлеттер Ғұсман Қосановты еске алды

Жеңіл атлеттер Ғұсман Қосановты еске алды

Өскемендегі О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде 1998 жылы және одан кейін туылған жасөспірім ер балалар арасында XVIII Олимпиада ойындарының жүлдегері Ғұсман Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан халықаралық турнир аяқталды.

Айта кетейік, бұл турнирде негізінен жерлесіміз Ғұсман Қосанов өнер көрсеткен спорттың спринтерлік қашықтыққа жүгіру түріне баса назар аударылды.

Халықаралық дәрежедегі төреші Александр Кругликовтың айтуынша, жарыс аса тартысты жағдайда өткен. Облыстың намысын қорғаған жеңіл атлеттердің қол жеткізген жетістіктері ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Солардың арасынан атап айтар болсақ, 50 метрге жүгіруде және биіктікке секіруде өскемендік Вета Харитонова чемпион атанса, тағы бір облыс орталығының өкілі спринтер Орынгүл Зкриенова 200 метрге кедергісіз және 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруде ешкімге дес бермеді.

- Осы турнирдің үздік қатысушы ретінде төрешілер корпусы Семей жеңіл атлетика мектебінің тәрбиеленушісі Тимур Парыгинді атады. Ол 50 метрді 6,22 секундта жүгіріп өтіп жоғары көрсеткішті орындады. Сол үшін біздің демеушілер оған арнайы сыйлық - тау велосипедін табыс етті. Сондай-ақ, Тимур 200 метрге жүгіру кезінде де бірінші орынды жеңіп алды, - деді Александр Кругликов.

Тимур Парыгин семейлік жаттықтырушы Борис Дягилевтен тәлім алады. Бапкерлер мен спорт мамандардың пікірінше, ол қазірдің өзінде Қазақстанның атынан шет мемлекеттерде өтетін халықаралық турнирлерде өнер көрсету мүмкіндігіне ие.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жеңіл атлетика
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде