USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қоғамдық келісім орталығы ашылды

Қоғамдық келісім орталығы ашылды

ШҚО Жарма өңірінде бірлігі жарасып отырған түрлі этнос өкілдерінің басын қосқан этноорталық белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Алайда, этноорталық мүшелері біраздан бері бас қосатын бір орынның қажеттігін жергілікті басшылықтың алдына тартып келген еді. Бас жоспары бекітілген соң, Жарма аудандық мәдениет үйінің ішінен қоғамдық келісім орталығы ашылып, аудан жұртшылығын қуанышқа бөледі.

Қоғамдық келісім орталығының ашылуы рәсіміне қатысып, оның лентасын қиған Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Аязбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясындағы бұл шара халықтар достығын нығайтуға септігін тигізерін атап көрсетті.

- Мен пәтер кілтін алғандай қуанып тұрмын. Көптен бері мұндай толқынысты сәтті бастан кешпеген едім. Енді бір шаңырақтың астында Отанымыздың игілігі үшін жұмыс істеп, татулық пен достықты бекіте түсетін боламыз. Енді этномәдени бірлестіктер мүшелері жиі бас қосатын болады, - дейді Қалбатау ауылындағы Михайловка орта мектебінің мұғалімі, Жарма аудандық этноорталықтың төрағасы Татьяна Пяткова.

- Бұл орталық Елбасымыздың сындарлы жүргізіп отырған ұлттар достығы саясатын паш етіп отыр. Президентіміздің сарабдал саясатының нәтижесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, елімізде этникалық бірлік пен қоғамдық келісім салтанат құрып отыр. Ынтымағы жарасқан Жарма өңірінде қоғамдық келісім орталығының ашылуы - соның айғағы, - деді аудан әкімі Ә.Мұхтарханов.

Қоғамдық келісім орталығы Жармада тұратын он жеті ұлттың салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін дамытуға мән беріп, олардың қоғамдық өмірге белсене араласуын қамтамасыз етеді.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде