USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бруцеллездің алдын алуға арналған бағдарлама жасалды

Бруцеллездің алдын алуға арналған бағдарлама жасалды

Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысында тек аусыл ауруынан 4,9 мың ірі қара, 5,9 мың ұсақ мал басы шығын болған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазір әсіресе, Үржар, Зайсан, Күршім, Аягөз аудандарының малы созылмалы бруцеллез ауруына жиі шалдығуда.

- Семей, Бесқарағай, Катонқарағай, Күршім, Ұлан, Көкпекті, Үржар өңірлерінде мал басын тіркеу жұмыстары дұрыс жолға қойылмауда. Биылдан бастап аймақта бруцеллез ауруының алдын алудың бес жылға арналған мақсатты бағдарламасы жасалды. 2007 жылдан бері республика көлемінде осы мал індетіне қарсы вакцина жасау тоқтатылған болатын. Енді бруцеллезге қарсы екпе жұмыстары қайтадан қолға алынбақ, - дейді ветеринарлық қадағалау және бақылау комитеті облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Кенжеғазы Тоқтасынов.

Инспекция басшысының айтуынша, облыста 221 малдәрігерлік пункті жұмыс істеп тұрғанымен, қаражаттың жеткіліксіздігі де мал дәрігерлік қызметтің сапалы көрсетілуіне кері әсерін тигізіп келеді. Қаржының аздығынан қысқы уақытта мамандар ақысы төленбейтін демалыста жүр.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде