USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Белсенді жастар «Біз сайлау үшін» ұранымен флешмоб өткізді

Белсенді жастар «Біз сайлау үшін» ұранымен флешмоб өткізді

Қазақстан студенттер Альянсы бастаған Семей қаласының белсенді студент жастары Қазақстан халқы Ассамблеясының 2015 жылғы кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі бастамасын қолдайдындықтарын білдірді. Осылайша, 3 наурыз күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің алдында жиналған 120-ға жуық патриот жастар «Сайлау 2015» «Біз сайлау үшін» ұранымен флешмоб өткізді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысын қолдай отырып, Семей қаласының студент жастары кезектен тыс Президент сайлауын өткізу бастамасын халық мүддесіне сай келетін ең дұрыс шешім деп санайды. Бұл - құптауға тұрарлық мемлекеттік маңызы зор қадам. Осы шешімді біздің белсенділер бірауыздан қолдап, барлық жастарды сайлауға жаппай қатысуға шақырады, - дейді «Қазақстан студенттер Альянсы» ШҚО бойынша өкілдігінің көшбасшысы Мұстафа Қожамсейіт.

Нұрсұлу Саветқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде