USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Тігін және тоқыма өнімдерін интернет арқылы да қыздырып жатыр

Тігін және тоқыма өнімдерін интернет арқылы да қыздырып жатыр

Екі жыл бұрын «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша үш миллион теңге шағын несие алған ШҚО Аягөз ауданындағы Майлин ауылының тұрғыны Фарида Қызылқұлова тоқыма цехын ашып, бүгінгі таңда шаруасының тасын өрге домалатуда.

Несиеге алған сомаға бес тігін, екі тоқыма машинкасын алып, Майлин ауылында кәсібін бастаған Фарида еңбегінің жемісін көріп, цехтарының санын көбейтіп жатыр. Ол Аягөз қаласында тігін және тоқыма цехын ашып, киім-кешек, әшекей бұйымдарын тоқып, өндіруде.

- Тоқыма ұзақ уақыт пен темірдей төзімді қажет ететін жұмыс. Тауарларымның бағасы қолжетімді әрі сапасы жоғары болғандықтан, сұранысқа ие болып отыр, - дейді Фарида Бейсенқызы.

Өндірген өнімді сатудың да бірнеше жолдарын қарастырып қойған. Арнайы тапсырыстарды орындап, бұйымдарын Семей, Өскемен, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан облысы аудандарындағы дүкендерде саудалауда. Сонымен қатар кәсіпкер интернет арқылы саудасын қыздырып, тауарын өтімді етуде.

Айжан Тоқтасынқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде