USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Глубокое ауданында жастармен кездесу өтті

Глубокое ауданында жастармен кездесу өтті

Жастар - еліміздегі басты мәселелердің бірі. «Еліміздің болашағы - жастардың қолында» деп Елбасымыз Н.Ә. Назарабаев айтқандай, бүгінде мемлекет тарапынан жастарға ерекше көңіл бөлінуде. Еліміздің дамуы мен өсіп-өркендеуі, болашағымыздың баянды болуы жастарға тікелей байланысты.

26 ақпанда ШҚО Белоусовка кентінде Глубокое ауданы әкімі Бекбосынов Арман Ілиясұлының жастармен кездесуі өтті. Кездесуге кент және ауылдық округтің жастары мен жастар ісі жөніндегі мамандар, жас кәсіпкерлер, студенттер мен мектеп бітіруші түлектер, бірқатар мекеме басшылары қатысты. Кездесуді модератор - Жастар одағының өкілі Рыспаева М.Ш. жүргізіп, аталмыш форумның мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.

Жиын барысында аудан басшысы өзінің өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісе отырып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу қатысушылардың естелік суретке түсуімен аяқталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде