USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Студенттер Президент сайлауын өткізуді қолдады

Студенттер Президент сайлауын өткізуді қолдады

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Өскемендегі Комсомол аралында «Қазақстан-2050: тарихи таңдау» атты акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аралда өткен іс-шараға аталмыш оқу орнының студенттері мен оқытушылары қатысты. Мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізуді қолдау мақсатында ұйымдастырылған акция барысында студенттер флешмоб өткізіп, шаңғы жолында жарысқа түсті. Оқу орнының тәрбие ісі бөлімінің басшысы Руслан Абдрасулинның айтуынша, жарысқа 200-ден астам үміткер қатысқан.

- Ортақ Отанымыз - Қазақстанның дамуына ел жастары ерекше мүдделі. Жастар саясатына мемлекеттің ерекше көзқарасының арқасында жас отбасыларды жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету алдыңғы орынға қойылып келеді. Осы орайда, елімізде президенттік сайлауды мерзімінен бұрын 2015 жылы өткізу жайында бастама көтеріп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысын қолдаймыз. Әлемде болып жатқан әртүрлі оқиғаларды ескере отырып, саяси һәм экономикалық жағдаяттарды саралай келе, бұл ұсыныстың дұрыс екендігіне көзіміз жетіп отыр. Осындай алмағайып кезеңде елді тығырықтан алып шығатын мықты биліктің болуы барша қазақстандықтар үшін маңызды, - дейді ШҚМУ жастары.

Шараның ашылу салтанатында университет проректоры Б.Ерденбеков шаңғы жолына шыққалы тұрған спортшыларға сәттілік тіледі және Президент сайлауын өткізуді қолдай келген жастарға алғыс білдірді.

- Елбасымыздың Тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру ісіндегі табысты бастамаларының арқасында еліміз үлкен жетіс тік терге қол жеткізіп отыр. Президент танымы терең са налы ұрпақты қалыптастыру мақсатында білім беру жүйесіне үздіксіз қолдау көрсетіп келеді. Білім және ғылым министрлігіндегі жаңа форматтағы мұғалім тұлғасын қалыптастыру барысындағы ізгі шаралар мен маңызды бағдар ла малардың жүзеге асырылуы да Елбасы назарында. Биыл Қазақ стан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтілмек. Осындай тарихи тағылымы мол елде бейбітшілік пен ұлтаралық достық қатынасты дамытуды көздейтін Президент сайлауын өткізу маңызды. Себебі, әлемдік деңгейде беделі мол, сындарлы сәтте дұрыс шешім қабылдайтын Президентті сайлау - ел ты ныштығын сақтап, экономикамыздың дамуын баянды етеді, - дейді ШҚМУ студенті Айымгүл Мұратбекова.

Ректор кубогы сарапқа салынған спорттық сайысқа қатысқан студенттер мен оқытушылар шаңғы жолында бірбіріне дес берген жоқ. Негізгі сайыс факультеттер арасында өткендіктен, жарыс жолында командалық нәтижелерге баса мән берілді. Жарыс қорытындысында денешынықтыру және спорт факультетінің командасы үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынға филология факультеті, үшінші орынға математика-физика және технологиялар факультеті табан тіреді.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: президент сайлауы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде