USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шоқан Уәлихановтың соңғы сәтін суреттеген туынды

Шоқан Уәлихановтың соңғы сәтін суреттеген туынды

Семей қаласындағы Абай атындағы музыкалық-драма театрында жаңа спектакль сахналанды. Спектакль халқымыздың тұңғыш ғалымы, этнограф, фольклортанушы Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына, сондай-ақ, Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орайластырылды.

Қырғыз елінен келген режиссер Шамиль Джапаров сахналаған бұл қойылымда Шоқанның соңғы түні сахна тілімен суреттелді. Ақырғы демі үзілер алдындағы бірнеше минут арқылы режиссер ұлы ғалым өмірінің тізбектерін, бастан кешкен оқиғаларын көрерменнің назарына ұсынды. Көрермен қауым шығарма кейіпкерінің әкесі Шыңғыс Уәлихановтың, алғашқы махаббаты Жадыраның, досы Достоевскийдің бейнелерімен сырласуына куә болды. Қойылымның бас режиссері Шамиль Джапаров Шоқанның ішкі монологы арқылы шығарманың шырайын келтірді.

- Спектакльді сахнаға шығару мен үшін үлкен мәртебе. Өйткені, «Манас» эпосын зерттеп, әлем назарын аудартқаны үшін, қырғыз халқының атынан Шоқан Уәлихановтың рухына тағзым жасағым келді, - дейді ол.

Қазақ халқының ұлы перзенті Шоқан Уәлиханов бейнесі суреттелген бір актіден тұратын драманың авторы - біздің жерлесіміз, тарих ғылымдарының докторы, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов. Пьесаның сәтті сахналануына Абай театры мен Достоевский театрының актерлері үлкен үлес қосты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Шоқан Уәлиханов
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде