USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жасотандықтар «қолғабыс» акциясын бастап кетті

Жасотандықтар «қолғабыс» акциясын бастап кетті

«Нұр Отан» партиясы Тарбағатай аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырып «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде «қолғабыс» акциясын өткізді.

Сатпаев ауылдық округі бойынша, Еліміздегі атаулы мерекелердің бірі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде Көктүбек елді мекенінде тұратын жалғызілікті қарт Сейтов Кажкен ақсақалдын ауласының маңайындағы қарларын, аула ішіндегі қарларын,отын суын, қора жайы төбесінің жұмыстарын атқарып берді. Қыз балалар үйінің ішін жинақтап, еденін жуып көмек көрсетті және әлеуметтік қызметкерлер С.Боранбаева, Ж.Кайрбековалар бұл акцияға қатысып К.Сейтов атамызға арнайы өздерінің сыйлығын табыс етті.

Көктүбек орта мектебінің «Қолқанат» топтарымен ауыл жастары, бірлесе отырып бір күндік көмек көрсетілді. Ауыл қарттары мектеп оқушыларына, ауыл жастарына және әлеуметтік сала қызыметкерлеріне өз ризашылықтарын білдіріп ақ баталарын берді.

Бұл игі бастама 17 ақпан күні аудан көлемінде жүргізілу жоспарланып отыр. Яғни аудандағы 17 ауылдық округтерде және 65 елді мекенде жүзеге асатын болады. Барлық ауылдық округтерде тұратын қарт адамдарға жәрдем беруде жастар аянбай көмектерін көрсетуде.

Жалпы, аудан жастары осындай игі бастамаларды қолға алып, қарттарға сый құрмет көрсетуді жыл сайынғы дәстүрге айналдырып келеді. ҰОС ардагерлеріне, жалғыз басты аналарға тыл және еңбек ардагерлеріне үнемі көмек көрсетіп, қол ұшын беріп отырады. Осындай сауапты да игі шара көпке үлгі екені сөзсіз.

Дархан Кәрібаев
«Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жас отан
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде