USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бір ғасырлық тарихы бар кебеже мұражайға қойылды

Бір ғасырлық тарихы бар кебеже мұражайға қойылды

Семейдің облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Абай ауданындағы филиалы экспонаттарының қатары ғасыр жасаған кебежемен толықты.

- Өткен жылы күзде бір жұмыспен жасы тоқсанға келген, ұзақ жылдар КСРО мемлекет банкісінің Абай аудандық бөлімшесін басқарған Күләш Жақыпқызының үйіне бара қалдым. Сонда ол кісі «менің әкем өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жасатқан кебеже бар, соны мұражайға өткізсем» деген өтінішін айтты. Содан бірнеше айдан соң, ол кісі өзі телефон шалып, кебежені алып кетуді сұрады, - дейді Семейдің облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Абай ауданындағы филиалының меңгерушісі Малгаждар Жүнісжанов.

Оның айтуынша, Күләш Жақыпқызының әкесі ұзақ жылдар прокурор, ауылдық кеңестерде төраға болып жұмыс істеген Жақып Әлібаев деген кісі екен. 1922 жылы Зейнекен Әуесбекқызына үйленіп, отау көтергенде кебежені, жүкаяқты, ағаш төсекті, шай үстелін ауыл арасындағы шебер ұстаға жасатқан көрінеді. Содан бері ата-анасынан мұра болып Күләш апамыздың қолында сақталғаны осы кебеже ғана. Ал қалғандары көшіп жүргенде қирап, жоғалған көрінеді. Кебеже екі бөліктен тұрады, кебеженің өзі және оны көтеріп тұратын төрт аяқты тақтайша. Кебеженің биіктігі - 1 метр, 20см, ені - 67 см, тамақ қоятын жеке-жеке бөліктері бар. Сырты әдемі ағаштардан көмкерілген, әртүрлі бояулармен боялған және кебежеге желімделген. Қақпағы төменнен жоғарыға қарай ашылады. Топсалары темірден жасалған, қалған бөлшектерін орнатуға желім, ағаштан жасалған шегелер пайдаланылыпты. Кебежеге қойылатын тағамдар бүлінбес үшін төменгі қабатында ауа кіріп тұруы үшін тесік жасалған. Ғасырға жуық тарихы бар кебеженің сыры осындай.

Источник: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде