USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ұлы Отан соғысы ардагеріне 95 жас

Ұлы Отан соғысы ардагеріне 95 жас

Ақпанның 12 жұлдызы күні Ұлы Отан соғысының ардагері Григорий Максимович Паршин 95 жасқа толды. Той иесін құттықтауға ШҚО Глубокое ауданының әкімі А.Бекбосынов пен аудандық бөлімдердің басшылары келді.

Аудан әкімі мерейтой иесіне Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметовтың атынан жазылған алғыс хатпен тәттілер мен жеміс-жидекке толған себетті тарту етті.

Григорий Максимович 1920 жылы Алтай өңіріндегі ауылда туған. 1941 жылы жақындарымен Глубоке кентіне қоныс аударып, осы жерден оны Кеңес Әскерінің қатарына шақырылды. 1943 жылы қорғаушы артдивизия қатарына жүргізүші болып жіберілді.

Г.Паршиннің жауынгерлік жолы Можайск, Гжатек, Смоленск, Кенигсберг, кейін Германия арқылы өтті. Неміс жерінде 1947 жылға дейін қызмет етті.

Соғыс аяқталғаннан кейін ол еліне оралып, 1980 жылға дейін Ертіс мыс балқыту зауытында еңбек етті.

Григорий Максимович Отан үшін шайқаста көрсеткен қайсарлығы мен ерлігі үшін Ұлы Отан соғысының, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Европа елдерінің астаналарын қоршаудан азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» және мерейтойлық көптеген наградалармен марапатталған.

Асем Нурпеисова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде