USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Толық форматты жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Толық форматты жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

ШҚО Зырян ауданында елімізде тұңғыш рет толық форматта жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл орталық «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Зырян қаласындағы орталықтың ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин мен ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев қатысты.

- Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай кем дегенде екі есеге өсу керектігін айтқан болатын. Бүгін біз тапсырылған міндеттерді жүзеге асырудамыз. Қазақстанда тұңғыш рет толық форматта жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бүгін ашылып отыр. Біздің негізгі міндетіміз - кәсіпкерлердің, әсіресе аудандар мен шағын қалаларда бір орталыққа барып барлық сұрақтарына жауап алуын қамтамасыз ету, - деді Нұржан Әлтаев.

Бұл орталық шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау бойынша қаржылық және қаржылық емес көмек көрсету, кәсіпкерлердің құқығын қорғау, бизнесті дамыту бойынша кеңестерді тегін беретін болады.

Лаура Тілеубайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: кәсіпкерлер
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде