USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Азаматтық неке және ашыналық қазаққа тән бе?

Азаматтық неке және ашыналық қазаққа тән бе?

Отбасы адам өмірінде, қоғам мен мемлекетте маңызды орын алатыны баршамызға мәлім. Әсіресе қазақ үшін отбасы әркез киелі ұғым болып саналатын. Алайда, бүгінгі таңда отбасы мәселесі қазақтың ғана емес, бүкіл әлемнің де бас ауруына айналды. Оған себеп, ата-дәстүріміздің жоғалып, рухани сауаттылығымыздың әлсіздігі болса керек.

Ислам дінінің ең маңызды құндылықтарының бірі - адал неке. Сондықтан да некесіз екі жастың қосылуын ислам қатаң қаралайды. Осы және басқа да мәселелер Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен «Азаматтық неке және ашыналық» тақырыбындағы дін өкілдерімен өткен тағылымды кездесу барысында сөз болды.

Жастарымыздың діни сауатын ашу, мәдени және ұлттық құндылықтарымызды сақтау және қоғам ішінде қызу пікірталасқа түсіп жүрген «азаматтық неке» мәселесін талқылау мақсатында өткен кездесуге Семей қаласы «Тас» мешітінің наиб имамы Жүнісбек Айдын Сләмханұлы және университет студенттері қатысты.

Дің өкілінің айтуы бойынша, ислам діні шаңырағы биік, керегесі кең, босағасы берік отбасы құруды ерлі-зайыптының ортақ міндеті етіп бекіткен. Сол себепті дініміз отбасылық өмірді неке қидыру арқылы бастауды үндейді.

Кездесуде аталмыш мәселелер кеңінен ашылып, студенттердің көкейде жүрген сұрақтарына дін өкілі толық мағлұматтар берді.

Осы рухани кеш соңында Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің маманы Мақсат Серікұлы бұл іс-шараның жастарымызға пайдасының зор екендігін айта келіп, мешіт ұжымына шынайы алғысын білдірді.

Қорыта айтқанда, жат қылықтарға жол беріп, шетелдерге еліктегенше, асыл дініміздегі некенің маңыздылығын жоғалтпайық!

Нұрсұлу Саветқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: отбасы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
6 комментариев
  1. қатысушы
    Бұл енді университеттің "галочкасы үшін" жүргізілген шара ғой, әйтпесе, студенттерге мұндай бағытта тәрбие жұмысын жүргізу дегеніңіз тым кеш емес пе...
  2. Оқырман
    қатысушы, кеш емес... Қайткен күнде де студенттер білуге тиіс ақпарат деп ойлаймын!
  3. жанкүйер
    Ашыналық - қазаққа әрине тән. Исламда неке қиылғанша істелген жыныстық қатынастың бар түрі зина, яғни, ашыналық деп саналған да оған хади зина жазасы қолданылады екен. Ал, азаматтық неке деген батыстан жеткен ашыналықты жариялы етіп көрсетуге тыры сқан амал да. Бізде исламнан гөрі батыстың әсері басым екені дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Содан кейін, некеге анықтауыштың (азаматтық, заңды, шариғатты т.б.) керегі жоқ. Бұрын қазақта бір-ақ "неке" деген қасиетті сөз болған. Сондықтан шара өткіземіз деп жүріп жастарды шатастырып алмаңыздар.
  4. Ляззат
    Қалай болғанда да санамыз сасымағаны жөн гой.
  5. Ляззатқа
    Санамыз сасымағаны... Какое мерзкое словосочетание, өзің ойлап таптың ба?..
  6. дауласпа
    Неке жауапкершілігі туралы Бейімбет Майлинның "ТАЛАҚ" әңгімесін оқыңыздар, қазаққа ашыналық тән бе, тән емес пе деп жаңа туғандай болғанша...
Біз әлеуметтік желілерде