USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Арнайы компьютерлік курстан мүгедек жандар өтті

Арнайы компьютерлік курстан мүгедек жандар өтті

Өскемен қаласындағы көпсалалы техникалық колледждің аясында Шығыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Техникалық сызу және компьютерлік жобалау» курсы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 57 мың адам бар. Өкінішке қарай, олардың саны соңғы жылдары төмендеген жоқ. Былтыр жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына 874 мүгедек арызданып, жұмыс тауып беруін сұраған. Жалпы былтыр облыста 1222 мүгедек жұмысқа алынды. Олардың 475-і тұрақты жұмыста істейтін болады. Мұндай көрсеткіш соңғы он жылда болмаған екен.

«Адем» ассоциациясы компаниялар тобы мүгедек жандарға көмек қолын созуға әзір. Қазір облыстық ерікті мүгедектер қоғамдастығы кәсіпкерлердің білімін шыңдау мақсатында жұмыстар істеп жатыр. Олар құрамында мүгедектерді медициналық тексеруден өткізетін орталығы бар ұйым ашуды көздеуде. Сондайақ, әртүрлі курстар арқылы білімдерін жетілдіріп, өз кәсіптерін ашуға көмек көрсету де ойларында бар.

Мемлекеттік мекемелерде 243 мүгедек қызмет етіп жүрсе, олардың 200-і - үшінші топтағы мүгедектер.

Өткен курстың негізгі мақсаты - мүгедек жандардың еңбекпен айналысып, өз өмірлерін жақсартуға жол ашу еді. Адамдар денсаулығына, мүмкіндігіне қарай бөлінбеуі керек. Сондықтан да өткізіліп тұратын арнайы курстар мүгедектерге көп көмегін тигізеді. Ал мамандардың айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту олардың елмен араласып, болашаққа сеніммен қарауына ықпал етеді.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде