USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Оқиғаны» ойдан шығарғандар жауапқа тартылды

«Оқиғаны» ойдан шығарғандар жауапқа тартылды

Өскемен қаласының полициясына 28 жастағы жігіт шағымданған. Айтуынша, оны Ворошилов көшесінің бойындағы «Смирнов» аялдамасында белгісіз біреулер соққыға жығып, тонап кеткен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жәбірленушінің түсіндіруі бойынша қарақшылар оның неке сақинасы мен ұялы телефонын және үш мың теңге ақшасын тартып алған.

Полиция аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғап, қылмыскерді іздеуге кірісіп те кетті. Бірақ артынан анықталғандай, шағым иесін ешкім де тонамаған болып шықты. Ол оқиғаның барлығын ойдан шығарған. Ішкілікке құмар жігіт қалтасында барын тауысқан соң, ұялы телефонын араққа айырбастаған. Үйіне қайтып келе жатып, жолшыбай неке сақинасын көшедегі бейтаныс адамға екі мың теңгеге сатып жіберген. Үйіне жеткен ол полицияға «мені тонап кетті» деп телефон шалады.

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қазір жалған ақпарат берген жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалып, ҚР ҚК 420-бабы бойынша айып тағылып отыр. Ал Семей қаласының 26 жастағы тұрғыны полицияға өзі жоқта үйіне біреу кіріп, 20 мың теңгесін ұрлап кеткені туралы шағым түсірген және өзімен бірге тұратын құрбысынан күдіктенетінін жазған. Полицейлер бұл оқиғаның да ойдан шығарылғанын анықтады. Қазір семейлік бойжеткеннің үстінен де қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде