USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Тасбауыр аналар тіркеуге алынып жатыр

Тасбауыр аналар тіркеуге алынып жатыр

Бүгінде адам жанын түршіктіріп қана қоймай, қоғамда белең алып бара жатқан аналардың қатыгез қылықтары естір құлаққа түрпідей тиері сөзсіз.

Осы келеңсіздіктің алдын алу бағытындағы істер 42 мыңнан астам тұрғыны бар ШҚО Жарма ауданында кеңінен өріс алуда. Өткен жылы аудандық білім бөлімінің мамандары мен аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері бірлесе отырып, кәмелетке толмаған балалар тәрбиесіне байланысты арнайы зерттеу жұмысын жүргізу барысында қоғамда кездесіп отырған туған анасы баласын тастап кеткен, қараусыз қалдырған немесе ішімдікке салынып, дұрыс жолдан адасып кеткен аналар есепке алынған-ды.

- Осындай ерсі қылықтардың ауылдарда көрініс табуы жаныңа батады. Осындай шағын ауданның өзінде ана мен бала арасындағы күрделі мәселенің туындауы еңсемізді басып, есімізден тандыра жаздағаны жасырын емес. Бірнеше елді мекендегі аналары тастап кеткен балалардың жағдайын көргенде, жанымыз қатты ауырды. Қаратөбе ауылында туған анасы бес баласын тастап кеткен. Баласының алды алтыншы сыныпта оқыса, кішісі бір жаста ғана. Зерттеу барысында анасының қайда екендігі де, тұрақты мекенжайы да белгісіз болып шықты. Сондай-ақ, жаңғызтөбелік 70-тен асқан қарт әже де әке-шешесі тастап кеткен төрт баланы өз қарамағына алып, асырап отыр. Сонда ата-ана мейірімін сезінбей өтетіндей бұл бүлдіршіндердің қандай кінәсі бар? Олардың болашағы қалай болмақ? - дейді Жарма аудандық білім бөлімінің бас маманы Н.Жанаева.

Қазір анықталған жағдайларға байланысты жергілікті ауылдық әкімшілік пен аудандық білім бөлімі бұл жанұяларды назарға алып, тұратын үймен де қамтамасыз етіп, балалардың білім алуына жан-жақты жағдай жасап отыр.

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында қараусыз қалған балалардың нақты саны анықталып, оларды болашақта мектеп-интернатқа орналастыру қарастырылуда. Тұрақты мекенжайын анықтау барысында осыған жауапты арнайы сала өкілдеріне мәселенің мән-жайы түсіндіріліп, тіркеу жұмыстарын реттеу қолға алынды.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде