USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жастар майдангерлерге көмек көрсетіп жүр

Жастар майдангерлерге көмек көрсетіп жүр

«Нұр Отан» партиясы қолға алған «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аясында Семей қаласындағы «Жас Отан» жастар қанатының және «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері «Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет» іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бүкіл еліміз бойынша өтіп жатыр. Белсенді жастар майдангерлерге және тыл еңбеккерлеріне көмектесіп қана қоймай, оларды барынша қолдауға талпынуда. «Кәріге құрмет - балаға міндет» дейді халқымыз. Қазыналы қарияларды құрметтеуді мақсат еткен жасотандықтар қолдарына құрал-саймандарын алып, ардагерлердің үйлеріне қарай жолға шықты.

Жас белсенділер қан майданның барлық қиындығын басынан кешірген Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрзия Бектеміровтің үйінде болды. Оның өмірден озғанына қарамастан, волонтерлар оның зайыбы Нәсібалды Байзуллинаға көмек көрсетті. Жастар үйдің ауласын қардан тазалауға және отын жаруға жәрдемдесті.

Ардагердің қызы Әсия Бектемірова «Жас Отан» жастар қанатына шын жүректен өзінің алғысын білдіріп, олардың барлық бастамаларына табыс тіледі, оның айтуынша, жасотандықтар үшінші жыл қатарынан ардагердің отбасына қолғабыс тигізіп, қолдау көрсетіп келеді.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде