USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ұрланған орден-медальдарды тауып берді

Ұрланған орден-медальдарды тауып берді

ШҚО Глубокое ауданының тәртіп сақшылары Ұлы Отан соғысы ардагерінің ұрланған орден-медальдарын тауып, марқұмның туыстарына қайтарып берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Глубокое аудандық ішкі істер бөліміне 35 жастағы азамат келіп, көрші ауылда тұратын апасы мен апайының үйінен бақилық болған ардагер атасының орден-медальдары қолды болғаны туралы арыз түсірген. Полицияның жедел әрекет етуі нәтижесінде, ұрланған бірінші және екінші дәрежелі «Даңқ» ордені, Ұлы Отан соғысының ордені, Құрмет ордені, сондай-ақ 7 медаль, ескі ақшалар мен патша замандағы тиындар иесіне қайтарылды.

Іздестіру шаралары барысында аталған отбасы үшін аса құнды жәдігер болып табылатын дүниелерді ұрлаған, арыз жазушының апайымен бірге тұрған 36 жастағы бұрын сотталған азамат болып шықты. Ол өзінің кінәсін толық мойындап, жәдігерлерді қайтарып берді.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. оқырман
    Мен ұқпай қалдым - Жоғалған 1-ші және 2-ші дәрежелі "Даңқ"ордендері... деп көрсетілген ақпаратта, олай болса награда иесі "Даңқ" орденінің толық кавалері болғаны ғой, өйткені бұл орден үшінші дәрежесінен бастап жоғарыға қарай сатылап беріледі емес пе?! Мақала авторы түсінік берсе...
Біз әлеуметтік желілерде