USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ауызсумен қамтитын нысандар жаңартылады

Ауызсумен қамтитын нысандар жаңартылады

Өскемен қаласындағы тұрғын үйлердің басым бөлігі мен ірі кәсіпорындарды ауызсумен қамтып отырған Солтүстік-Атаман және Төменгі-Согра су іркуіштердің құрылғылары жаңартылуда. Бұл жұмыстар былтыр басталған болатын, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Төменгі-Согра су іркуіші 1952 жылдан, ал Солтүстік-Атаман су іркуіші 1992 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанмен, әлі күнге бірде-бір рет жаңартылмаған. Бұл жерден тәулігіне 320,0 мың текше метр су өтеді.

- Бүгінгі күні бұл су сорғыш стансасы қаланың басым бөлігін сумен қамтамасыз етіп отыр. Жұмыс барысында бес ескі сорғыны жаңа алты сорғымен алмастырамыз. Олар заман талабына сай, қауіпсіз және энергия үнемдейтін болады. Оның үстіне, судың келу жиілігін реттейтін құрылғы құбырлардағы апаттың алдын алуға септігін тигізеді, - дейді «Өскемен Водоканал» кәсіпорнының бөлім бастығы Наталья Лукерина.

Жөндеу жұмыстары кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жүргізілуде. Жаңарту жұмыстары жоспарға сәйкес биылғы мамыр айының соңына дейін аяқталуы тиіс.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде