USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мұса Жәлелге ескерткіш орнатылады

Мұса Жәлелге ескерткіш орнатылады

Өскемен қаласында татар халқының батыр ұлы, белгілі ақын Мұса Жәлелге ескерткіш орнатылмақ. Солжағалаудағы саябақта еңсе тіктейтін ескерткіш Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай «Халық батырына - халықтың ескерткіші» деген акция аясында қолға алынып отыр.

- Биыл аталып өтетін Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында біз татар халқының ардақты перзенті болған, тек татардың ғана емес, бүкіл адамзаттың сүйікті ақыны саналған Мұса Жәлелге ескерткіш орнатуды жөн деп шештік. Сол арқылы біз қанды қырғында азаттық үшін арпалысқан бабалардың рухына тағзым етеміз. Қазірдің өзінде әрбір адам мүмкіндігіне қарай көмек қолын созуда. Жиналған ақшаның мөлшеріне қарай бәлкім еңселі ескерткіш немесе кеудемүсін орнатамыз, - дейді республикалық татар ұлттық-мәдени бірлестігінің төрағасы габдулхай Ишмуратов.

Бүгінгі күні Өскемендегі татар этномәдени орталығы ақынның мүсінін тұрғызуға қажетті қаражатты жинауға кірісіп кеткен. егер бәрі ойдағыдай болса, ескерткіштің ашылу салтанаты алдағы мамыр айына белгіленіп отыр. Ал мүсінді Татарстаннан арнайы шақыртылатын шеберлер жасайды.

Айта кетейік, Мұса Жәлел - Кеңес Одағының Батыры атағын алған жалғыз жазушы, журналист. Лениндік сыйлықтың иегері атанған. Ол Ұлы Отан соғысына қатысып, фашистердің концлагерінде мерт болған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде