USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Іскер азаматтар ауылды өркендетіп жатыр

Іскер азаматтар ауылды өркендетіп жатыр

Шығыс Қазақстанда мал өсіріп, сүт өндіріп, шаруашылығының шырайын келтіріп қана қоймай, бір ауылдың өркендеп, гүлденуіне үлесін қосып отырған ұлтжанды азаматтар көбейіп келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Агро» Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қауымдастығының төрағасы Жомарт Манақов бүгінде елге белгілі «Багратион» тәрізді ірі шаруашылықтардың қатары күршімдік «Азамат», көкпектілік «Өрнек», Семей өңіріндегі «Приречное», «Агро-Бам» сияқты озық технологияны қолданып, рекордтық өнім алып, асыл тұқымды мал өсіріп, табысқа жеткен жүздеген шаруашылықтармен толығып, ауылда іскер жігіттердің көбейіп келе жатқанын айтады.

- Облыстағы 1700 ауыл шаруашылығы құрылымдарының басын қосып отырған қауымдастық мемлекеттік бағдарламалардың ауылда тиімді жүзеге асырылуына, ауыл кәсіпкерлерінің жерін кепілдікке алу, ара мен марал өсіруге бөлінетін субсидияны арттырып, балық шаруашылығын дамыту, малшы мен механизаторлар дайындау, олардың жағдайын жақсарту, жаңа техникамен қамту мәселелерін шешуге күш салып отыр, - дейді қауымдастық төрағасы.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде