USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мұзда сырғанаудан көліктер жарысы өтпек

Мұзда сырғанаудан көліктер жарысы өтпек

Өскемен қаласында «Ice sprint» атты мұздағы ралли-спринтке қатысушыларды тіркеу басталды. Бұл шара қаңтардың соңғы жұлдызында жер снарядтары ауданындағы котлованда өтпек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ондағы жылан жүрісіне ұқсас, күрт бұрылыстарға толы мұзды жолда кез келген көлікқұмар өзінің шеберлігін байқата алмақ. Жалпы көліктер жарысы жолының ұзындығы - шамамен бес шақырым. Алдын ала жасалған кесте бойынша жарысқа қатысушылар кезектесіп өнер көрсететін болады. Ал жарыс жеңімпаздары алдыңғы, артқы және толық жетекті таңдау негізінде үш класта жүргізіледі.

- Көліктерге аса көп талап қойылмайды. Ең бастысы, ол төрт келіден кем түспейтін немесе әрқайсысы екі келілік екі өртсөндіргішпен, сондай-ақ, дәрі салынған арнайы қорапшамен және апаттық аялдама белгісімен, Автомотоспорт федерациясының сертификатымен жабдықталған болуы керек, - дейді «Gentlemen's racing club» қоғамдық бірлестігінің өкілі Ерлан Әзімбаев.

Жарысты ұйымдастырушылар әзірге оның нақты басталу уақытын хабарламай отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде