USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Еркін күрестің мықтылары анықталды

Еркін күрестің мықтылары анықталды

Семей қаласында 23 жасқа дейінгі ұлдар арасында еркін күрестен Шығыс Қазақстан облысы біріншілігі аяқталды. Бұл турнирге бозкілем қожайындарынан бөлек Өскемен мен Риддер қалаларынан, Бесқарағай, Глубокое, Жарма, Үржар, Шемонайха аудандарынан 80-ге тарта балуан қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Спорт мерекесінің салтанатты ашылу рәсімінде Семей қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев, спорт ардагері Сүлейман Чотчаев сөз алып, тілектерін білдірді. Қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бір айта кететін жайт, белгілі бапкер, халықаралық дәрежедегі төреші Ерік Жұмабеков қазылық еткен бұл чемпионат дүниежүзілік күрес федерациясы жаңадан бекіткен ережеге сай сегіз салмақ дәрежесінде өтті.

Біріншілік қорытындысы бойынша 50 келі салмақ дәрежесінде семейлік Мақсат Шақамаев, 57 келіде Жарма ауданының өкілі Данияр Гульманов, 61 келіде семейлік Ерасыл Тұрсағұлов жеңіс тұғырынан көрінді. Ал 65 келі салмақта Бесқарағай ауданының атынан шыққан Амантай Қошқарбаев жеңімпаз атанса, 70 келіде жармалық Нұрдәулет Дәулетқазыұлына қайрат көрсететін ешкім болмады.

Сондай-ақ, өзге салмақ дәрежелерінде белдескен балуандар арасында семейлік Мейір Көшкінбаев, Ержан Сапарханов, Әмір Сұлтанов секілді жас таланттар болашағынан үміт күттіретін спортшылар екендіктеріне көптің көзін жеткізіп, алтын медальды еншіледі. Алдағы уақытта облыс чемпионатында топ жарған балуандар өңірдің құрама командасы сапында Ақтау қаласында жалауы желбірейтін Қазақстан біріншілігінде бақтарын сынайтын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: еркін күрес
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде