USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Әскери қызметкерлер баспанамен қамтылады

Әскери қызметкерлер баспанамен қамтылады

ШҚО Жарма ауданының Жаңғызтөбе кентіне қарасты Шуақ ауылында баспанасыз әскери қызметкерлерге арналған көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Осы мақсатта ауылдағы 64 пәтерлі төрт қабатты тұрғын үй жергілікті 6699 әскери бөлімнің иелігіне, яғни, Қорғаныс министрлігінің теңгеріміне берілген-ді. Нәтижесінде министрліктен баспананы қайта жөндеуге тиісті қаражат бөлінген.

Былтырғы шілде айында құрылысты бастаған «Алматы құрылыс» ЖШС қазіргі күні жұмысты тиянақтап қалды. Жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуын аудан әкімдігі өзінің қатаң қадағалауына алған. Кестеден кешігу жоқ, барлығы ойдағыдай. Көп ұзамай үй кезегінде тұрған 80-нен астам отбасының 64-і жаңа қоныстарына жайғаспақ. Ал қалған 16 әскери отбасы алдағы уақытта баспанамен қамтылмақ.

Сондай-ақ, мердігер мекеме «Алматы құрылыс» ЖШС алдағы уақытта Шуақтағы қаңырап тұрған басқа үйлерді де жаңғыртуға ұсыныс білдіріп отырған көрінеді.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде