USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қапшағайдан Қалбатауға дейінгі жол құрылысы басталмақ

Қапшағайдан Қалбатауға дейінгі жол құрылысы басталмақ

Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға орай жүзеге асырылатын негізгі жобалардың бірі - «Алматы-Өскемен» автокөлік жолы, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы Алматы облысының шекарасы Қапшағай қаласынан Қалбатау ауылына дейін салынатын 352 шақырымдық «Алматы-Өскемен» күре жолының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге кірісті.

Құрылысы 2020 жылға дейін жүргізілетін «Алматы-Өскемен» және қайтадан салынып, жаңартылып жатқан «Астана-Павлодар-СемейҚалбатау-Өскемен» бағытындағы (облыс аумағындағы 407 шақырым) «Орталық-Шығыс» автокөлік жолдары бойындағы көпірлер мен жол өткелдері, жасанды имараттар жаңадан орнатылып, жүргізушілерге арналған демалыс алаңқайлары мен сервистік қызмет нысандары тұрғызылмақ.

Жаңа жолдар халықаралық маршруттар легін арттырып, жүк тасымалын 1,5 есеге ұлғайтып, облыста туризмді дамытуға қарқын бермек. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары Бақыт Қалымовтың айтуынша, жолдар жаңа құрылыс материалдарымен, озық технологиямен салынуда.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде