USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Несиесін төлей алмай у ішкен

Несиесін төлей алмай у ішкен

ШҚО Шемонайха ауданының тұрғыны ақшадан қатты қысылғандықтан, өз-өзіне қол жұмсауға дейін барған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шемонайха ауданының орталық ауруханасына «сірке қышқылынан уланған» деген диагнозбен 34 жастағы келіншек түсті. Аудандық полиция қызметкерлерінің айтуынша, ол мұндай қадамға несиесін төлей алмағандықтан барған.

- Ақша таба алмай қиналған әйел үйінде отырып, сірке қышқылын жұтып жіберген, - дейді полиция қызметкерлері.

Жедел жәрдемді кім шақырғаны, науқастың қазіргі жағдайы туралы әзірге нақты мәлімет жоқ. Ауруханадағылар дәрігерлік құпияны сақтау әдебін алға тартып, ақпарат беруден бас тартып отыр.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: несие
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде