USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Салауатты өмір салты орталығының жұмысы қаншалықты тиімді?

Салауатты өмір салты орталығының жұмысы қаншалықты тиімді?

Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңестің денсаулық сақтау жөніндегі сарапшы жұмыс тобы аймақтық салауатты өмір салты орталығы өткізіп келе жатқан іс-шаралардың тиімділігін бағалауға орай әлеуметтік зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, облыс тұрғындарының көпшілігі өңірде салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында өткізіліп келе жатқан шаралардан бейхабар, ақпараты аз болып шыққан. Орта есеппен алғанда халықтың 26 пайызы ғана жүргізіліп жатқан акциялар мен ақпараттық хабарлар, парақтарды көріп, оқыған. Сауалға жауап бергендердің басым бөлігі салауатты өмір салтын сақтау, қалыптастыру бағытындағы ақпараттарды республикалық телеарналардан көріп келе жатқандықтарын айтқан.

Зерттеулер Шығыс Қазақстан ұйымдастырылып жүрген «Денсаулық фестивалінің» де тиімділігі төмен екендігін көрсеткен. «Осы шара туралы не білесіз?» деген сауал қойылған адамдардың 74,6 пайызы сауалды жауапсыз қалдырып отыр. «Орталық жұмыс тиімділігін арттырып, тұрғындар өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауы керек», - дейді сарапшылар.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде