USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шәкәрім университетінің оқытушылары үздік деп танылды

Шәкәрім университетінің оқытушылары үздік деп танылды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізілетін «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Республикалық байқауының 2014 жылдың қорытындысы бойынша жеңімпаздары анықталды.

Байқауға еліміздегі жалпы саны 90 жоғары оқу орындарынан 545 үміткер қатысса, олардың ішінен техникалық, педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылық, экономикалық, құқықтық және т.б. ғылымдар саласының ғылым докторлары, ғылым кандидаттары және PhD докторларынан құралған жалпы саны 200 оқытушы-профессорлар үздік атанды.

Үздік деп танылған жеңімпаздар қатарында Семейлік ғалымдар да бар. Атап айтқанда, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 4 бірдей оқытушысы мемлекеттік грантқа ие болды. Олар: Жұмаділова Гүлнәр Ақанқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, филология факультетінің орыс филология кафедрасының доценті, Кабдулкаримова Кульбану Кабдулкаримқызы - химия ғылымдарының кандидаты, инженерлік-технология факультетінің химия кафедрасының доценті, Сейлгазина Сауле Мунканқызы - ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент, аграрлық факультетінің деканы, Көжебаев Болатпек Жанахметұлы - ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, ғылым және инновация департаментінің директоры.

Аталған грант жоғары оқу орнының оқытушыларына әлемнің жетекші университеттерінде шетелдік тағылымдамадан өтуге, сондай-ақ өздерінің ғылыми және білім беру жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.

Нұрсұлу Саветқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
2 комментария
  1. айнур
    Шәкәрім университеті мұғалімдері жасасын!
  2. Арайлым
    Ұстаздарымызды құттықтаймыз!!!
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде