USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Дастархан» гипермаркеті ашылды

«Дастархан» гипермаркеті ашылды

Семей қаласында салтанатты жағдайда «Дастархан» гипермаркеті пайдалануға берілді. Бұл гипермаркетті салуға үш миллиард 600 миллион теңге жұмсалыпты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мұндай ірі сауда орталығы бұрынсоңды облыс көлемінде болып көрмепті, бұл қала кәсіпкерлерінің семейліктерге жасаған тартуы екен.

Аумағы 22 мың шаршы метрді құрайтын алып ғимараттың екінші қабатында балаларға арналған ойынсауық кешені болады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, жуықта аталып өткен мерекелер аясында қалада «немере» жекеменшік балабақшасы ашылды. 50 балаға лайықталған балабақша жаңа компьютерлермен, сондай-ақ, музыкалық аппаратурамен жабдықталыпты. Атап өтерлік жайт, балалар тобының әрқайсысына төрт тәрбиеші мен тәрбиешінің көмекшісі қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, балабақшада әдіскер мен психолог, каратэ жаттықтырушысы, бейнелеу өнерінің оқытушысы да бар. Үш жастан бес жасқа дейінгі балақайлар «зерек бала» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқытылатынын айта кеткен жөн.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде