USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қариялар ән салып, би биледі

Қариялар ән салып, би биледі

Өскемен қаласында алғаш рет ардагерлерге арналған жаңажылдық бал өтті. Оған ардагерлер және ақсақалдар кеңестерінің өкілдері, «Поколение» қоғамдық ұйымының мүшелері, қаладағы жергілікті өзін-өзі басқару аумақтық кеңесінің төрағалары қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, кеш қонақтарының барлығы жыл бойы қаланың қоғамдық-саяси өміріне атсалысып, іс-шараларға белсенді араласқан адамдар.

Балға әртүрлі костюмдер киіп келген ардагерлер мереке барысында ән шырқап, би биледі.

- Сіздер жыл бойы қаланың қоғамдық өміріне белсенді атсалысып, жастарды тәрбиелеуге қомақты үлес қостыңыздар. Сол үшін қала басшылығы атынан сіздерге алғыс білдіреміз. Жаңа жыл сіздерге тек жақсылық әкелсін. Денсаулықтарыңыз мықты болсын, баршаңызға сәттілік тілеймін, - деп құттықтау сөзін арнады Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Бұлбұл Бакинова.

Қариялардың көңілін көтеріп, бір серпілткен салтанатты кеште концерттік бағдарлама қойылып, сый-сияпаттар үлестірілді.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде