USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ең үздік мемлекеттік органдардың сайттары анықталды

Ең үздік мемлекеттік органдардың сайттары анықталды

29 желтоқсанда ШҚО әкімі ғимаратының мәжіліс залында Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдары сайттарының Х жыл сайынғы конкурсының жеңімпаздарын марапаттау өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

2014 жылғы конкурсқа мемлекеттік органдардың 45 Интернет-ресурсы қатысты.

Әділқазылар құрамына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, Ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Астана қ-сы), «Ұлттық ақпараттық технологияла» АҚ, «Восток Он-лайн» компаниясы, «Экология-Молодёжь-Инициатива-Развитие» қоғамдық қоры өкілдері кірді.

Номинациялар келесідей бөлінді:

1. «Әкімдіктер арасындағы үздік ақпараттық толтырылым» номинациясын Жарма ауданы әкімінің сайты иеленді.
2. «Басқармалар арасындағы үздік ақпараттық толтырылым» номинациясын Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы иеленді.
3. «Үздік Usability сайт» номинациясы бойынша Көкпекті ауданы әкімінің сайты жеңімпаз атанды.
4. «Үздік дизайнерлік шешім» номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық соты мен Абай ауданы әкімінің сайттары жеңіске жетті.
5. «Мемлекеттік тілдегі үздік веб-сайт» номинациясында Өскемен қаласы әкімінің сайты жеңімпаз атанды.
6. «Электрондық қызметтерді жылжытқаны үшін» атты арнайы номинация Тарбағатай ауданы әкімінің сайтына берілді.
7. «Сарапшылар көзайымы web-сайты» номинациясында Ұлан ауданы әкімінің және Бородулиха ауданы әкімінің сайттары жеңіске жетті.
8. «Үздік орфографиялық және стилистикалық ресімдеу» номинациясын облыстық жер қатынастары басқармасы мен Аягөз ауданы әкімінің сайттары бөлісті.
9. Басқарманың/Департаменттің үздік сайт болып Төтенше жағдайлар департаменті атанды.
10. Әкімдіктің үздік сайты болып Бесқарағай ауданы әкімінің сайты атанды.
11. Сонымен Гран При ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына берілді.

Жеңімпаздардың барлығы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамотасымен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде