USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ислам діні - қастерлі қазынамыз

Ислам діні - қастерлі қазынамызЖақында ШҚО Жарма ауданына қарасты Шуақ ауылындағы 156-17 түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілермен болған «Мұсылмандардың мінез құлықтары» атты тақырыптағы кездесуге Шығыс Қазақстан облыстық дін басқармасының маманы Р.Ахметов, аудан орталығынан ішкі саясат бөлімінің дін бойынша әдіскері М.Камешев, Риддер қаласының бас имамы М.Исмайлов қатысып, қазіргі қоғамдағы дін туралы өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасады.

Жазасын өтеп жүргендерге өз тараптарынан Р.Ахметов, М.Исмайлов, М.Камешевтер ислам діні бойынша мұсылмандар үшін өзінің мінез-құлқы және олардың жаман әдеттерден арылып жақсылыққа ұмтылу дәстүрі жайлы құнды рухани мәліметтер беріп, темір тордың ар жағындағы ағайындар қойған сауалдарына оңдымды жауаптар ала алды. Бұл аудан басшылығының жазасын өтеушілермен жасап отырған жүйелі жұмыстарының бір көрініс десек артық айтпаймыз. Бұл кездесу соны тағы бір рет дәлелдеп берді.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде