USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шырша қиғандарға айыппұл салынады

Шырша қиғандарға айыппұл салынады

Жаңа жыл қарсаңында заңсыз қиған шыршаңыз шығынға батыруы әбден мүмкін. Заңсыздықтың алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысында «Шырша-2014» жедел алдын алу іс-шаралары өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш шара барысында 84 рейд ұйымдастырылды. Бұған табиғатты қорғау органдары да атсалысты. Нәтижесінде бір ғана заңбұзушылық анықталды. Риддер қаласы төңірегінде жүргізілген тексеру жұмыстары кезінде бір орманшы 1,8 метр жасыл шыршаны кесіп алған. Ол азаматқа «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 283-бабының 1-тармағы бойынша хаттама толтырылды.

Шырша кесудің алдын алу мақсатында «Семей орманы» Бөкейбай филиалының әкімшілігі де бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. «Семей орманы» мамандарының айтуынша, Жаңа жыл қарсаңында қылқанжапырақты ағаштарды қиғаны үшін бір данасына 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Кейбір жағдайда жеке тұлғаларға 20-25 АЕК айыппұл қарастырылған.

Жаңа жылдың сәніне, символына айналған тау шыршасын қиып, табиғатқа залал келтіргенше, үйіңізге жасанды шырша орнатқан дұрыс. Құқық қорғау мамандары мен орманшылар осындай ақыл айтады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жаңа жыл шырша
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде