USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Аустралиядан асыл тұқымды мал әкелді

Аустралиядан асыл тұқымды мал әкелді

ШҚО Катонқарағай ауданының «Әмір» шаруа қожалығында Аустралиядан жеткізілген герефорд тұқымдас бір мың бас ірі қара малы өсірілуде. Жергілікті әкімдік асыл тұқымды шаруашылықтар санын көбейтуге бағытталған аталмыш жобаны облыстың Индустрияландыру картасына енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қожалықтың басшысы шоқан Мұсабалин асыл тұқымды малдарды «ҚазАгроқаржы» АҚ арқылы несие қаражатына сатып алып, Новополякова ауылдық округінің Поляна телімінде бағып отыр. Бүгінде жасыл құрлықтан келген түліктер жергілікті табиғат жағдайына бейімделіп алды. Қыстан қамсыз шығу мақсатында 6 000 мың тонна шөп, 4000 мың тонна пішендеме, 350 тонна жем әзірленген.

Сондай-ақ, жаз бойы қоражай салынып, облыстық бюджет қаражатының арқасында фермаға су жеткізілді. Енді қазір фермаға электр қуатын тарту жұмыстары қолға алынған. Өзінің қаражаты есебінен сағатына 400 квт электр қуатымен қамтамасыз ететін жобаға тапсырыс беріп қойыпты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: асыл тұқымды мал
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде