USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жүзге тарта балуан бақ сынады

Жүзге тарта балуан бақ сынады

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ның спорт кешенінде концерттік бағдарлама мен спорттық шаралар өткізілді.

Салтанатты кештің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген кәсіпорын президенті А.Мамутова айтулы күнмен барша жиналғандарды құттықтап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы жоғары жетістіктерге тоқталып, азаттықты нығайтуда үлес қосып жүрген еңбек адамының орнын ерекше атап көрсетті.

Концертте Өскемен қаласының белгілі өнер ұжымдары көпшіліктің көңілін көтеріп, думанның көрігін қыздырды. Әсіресе, «Үміт» балалар би тобының орындауындағы ұлттық билер зор қошеметке бөленді. Сондай-ақ, халықаралық байқаулардың лауреаты Руфина Карибаева мен «Радэ» вокалды тобының шырқаған әндері тыңдарман жүрегіне жол тауып жатты.

Ерекше сипатта тойланған еліміздегі ең ұлық мерекенің жалғасы спорттық сайыстарға ұласты. Комбинаттың спорт кешенінде екі күн бойына грек-рим күресінің шеберлері қалалық турнирде бақтарын сынаса, ала допты аспандатқан волейбол командалары «ТМК» АҚ-ның ауыспалы кубогін сарапқа салды. Тартысты өткен жарыста «Дәулет Жүнісовтің достары» атты волейбол командасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші жүлде «Қаблан-С» ЖШС-на, ал үшінші және төртінші орындар аталған кәсіпорынның екі ұжымына бұйырды.

Грек-рим күресінен өткен балалар-жасөспірімдер турниріне 9-14 және 15-17 жас аралығындағы жүзге тарта балуан қатысты. Әртүрлі салмақ дәрежесінде Тимур Сағынған, Шыңғыс Тоқтарбеков, Ерұлан Әсетұлы, Эдуард Климов үздіктер қатарынан көрінді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде