USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Тәуелсіздік мерекесі барлық ауылдық округтерде аталып өтті

Тәуелсіздік мерекесі барлық ауылдық округтерде аталып өттіТәуелсіздік мерекесіне орай ШҚО Жарма ауданының барлық ауылдық округтерінде түрлі мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде аталып өтті. Соның бірі Жарық ауылында өткен «Байрағы биік тәуелсіздік» атты салтанатты мерекелік жиын болды.

Округ әкімі Берік Наурызбаев жиналған қауымды мерекелерімен құттықтап болған соң, Егемендік мерекесіне орай ұстаздар қауымын, ауыл ардагерлерін, фельдшерлік бөлімшенің қызметкерлерін марапаттады.

Салтанатты кештің шырайын кіргізген осы ауылдың тумасы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Мәуітқазы Зүкенов ағамыз жерлестерін тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Сахнаны ән мен күйге және биге бөлеген жас таланттарға ауыл кәсіпкерлері Нұрзейнеп Аубакирова, Бекзат Мухаев демеушілік көрсетті. Жұрт азаттық нұры арайландырған мерекеден бір серпіліп қалды.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: тәуелсіздік күні
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде