USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру акциясы өткізілді

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру акциясы өткізілдіЖелтоқсан айының ортасында ШҚО Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «Жарма ауданының әлеуметтік серіктестік орталығы» қоғамдық қоры мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Сен де мен сияқтысың» атты акциясын ұйымдастырылып өткізді.

Акцияның басты мақсаты, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруды жандандыру болып табылды. Бұл іс-шарада аудан мекеме және кәсіп орындар басшылары, жұмыс істеймін деген мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.

Акцияның нәтижесінде барлық меншік түріндегі мекеме және кәсіп орындар басшыларына өмірлік күрделі жағдайға тап болған отандастарымызға жұмысқа орналасуға мүмкіндік беруге үндеу жасалды.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде