USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Республикалық ақпараттық-насихат топ қызметкерлерімен кездесті

Республикалық ақпараттық-насихат топ қызметкерлерімен кездестіТаяуда Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.А.Милютин мен З.А.Саяпованың ШҚО Жарма ауданы Шар қаласында әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуге облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Қ.Қ.Төлеубеков, аудандық мәслихат хатшысы Н.О.Есполов, аудан әкімінің орынбасары С.М.Брынзовтар қатысты.

Ақпараттық-насихат тобының мүшелері жиналған жұртшылықты Жолдаудың негізгі бағыттарымен таныстырып, әлеуметтік сала қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарды. Еңбек ардагерлері М.Кезекенов, Қ.Рахымбеков, Карелин атындағы орта мектептің бастауыш сыныптар мұғалімі Т.Гридасова Мемлекет басшысының Жолдауын қолдайтындықтарын айтып, қонақтарға мазмұнды әңгімелері үшін ризашылықтарын білдірді.

Ант Жарма жұртшылығана соны серпін беріп, ел егемендігін бекемдеуге жасаған игі қадам болды.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде