USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ардагерлер коммуналдық төлемдерден босатылмақ

Ардагерлер коммуналдық төлемдерден босатылмақ

2015 жылы өскемендік соғыс ардагерлері коммуналдық төлемдерден босатылуы мүмкін. Мұндай сый Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай жасалмақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге салсақ, айтулы мерекенің құрметіне дәл осындай жеңілдіктер еліміздің бірнеше қаласында, оның ішінде Қарағанды мен Павлодарда тұратын қарияларға көрсетілген-ді. Бұл игі бастаманы Өскемен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Иван Губарев қолдап отыр.

- Міндетті түрде соғысқа қатысқан ардагерлерімізді коммуналдық төлемдерден босатуымыз керек. Алдымен Жеңістің 70 жылдығына орай 2015 жылға арнап жеңілдіктер енгізуіміз қажет. Сосын ары қарай көре жатармыз, - дейді Иван Губарев.

Мұндай ұсыныс жергілікті әкімдік тарапынан тиісті қолдау тауып отыр. Дегенмен, аталған мәселеге қатысты қандай да бір ресми шешім әзірге қабылданған жоқ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: соғыс ардагерлері
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде