USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы 5 адамға беріледі

«Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы 5 адамға беріледі

5 адамға «Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы беріледі. Олардың ішінде ШҚО бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев бар. Бұл туралы V шақырылған ШҚО ХХІV сессиясында мәлім болды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

ШҚО ХХІV сессиясында 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жоспары, өңірдің ветеринариялық қауіпсіздігі мен әлеуметтік дамуы мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, жиын барысында депутаттар «ШҚО Құрметті азаматы» атағын беру бойынша дауыс берді. Дауыс беру нәтижесінде «Құрметті азамат» атағын «Благосвет» халықаралық қоғамдық қайырымдылық ұйымының төрағасы, РФ білім, ғылым, және мәдениет бойынша Федерация кеңесі комитетінің төрағасы Зинаида Драгункина, «Казцинк» ЖШС вице-президентінің кеңесшісі Валерий Доскалов, Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Кенжеш Мұқашов, жазушы, журналист, «Түгел Медиа» бірлестігінің жетекшісі Сәдібек Түгел және ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев алатын болды.

ШҚО 5 жарым жылдан аса басшылық еткен Бердібек Сапарбаевтың өңірге еңбегі сіңгені белгілі. Экс-әкім өз тұсында аймақтың жан-жақты дамуына үлкен үлес қосты. Нәтижесінде, экономикалық көрсеткіші көтерілген ШҚО бірнеше рет Республика бойынша үздік облыстардың қатарынан көрінді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде