USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жаңа қазандық іске қосылды

Жаңа қазандық іске қосылды

Семей қаласындағы Энергетик кентінде 72 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Пәтер кілтін алғандардың ішінде кезекте тұрған жетім балалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер және бюджеттік сала қызметкерлері бар.

Қазіргі уақытта қалада жалдамалы екі тұрғын үй салынып жатыр. Дәл осы Энергетик кентінде көпқабатты тұрғын үйлерге арналған әлеуметтік маңызға ие №5 интернат жылу қазандығы ашылды. Салтанатты шараға жылу мекемесінің қызметкерлері мен кент тұрғындары қатысты. аталған кент тұрғындарының атынан Ұлы Отан соғысының ардагері Петр Коломин жиналғандарды құттықтап, соңғы жылдары қаланың, соның ішінде Энергетик кентінде жылу мәселесі оң шешіліп, тұрғын үйлерде жылу қалыпты екенін жеткізді. Жиналғандар жаңа жылу қазандығын аралап көріп, негізгі жұмысымен танысты.

Мамандардың айтуынша, жаңа қазандықтың жылыту қуаты жоғары. Құрылғының сапасы да көңіл толарлықтай.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде