USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов ауылда ән шырқады

Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов ауылда ән шырқады

ШҚО Абай аудандық Мәдениет үйінде Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжановтың «Ұлылыққа - тағзым» атты ән кеші өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Абай елінде бұған дейін бірнеше рет болған әйгілі әншіні Қарауыл халқы зор құрметпен қарсы алып, шырқаған әрбір әніне қошемет көрсетіп отырды. Жиналған қауымға Алматыдан келген құрамында бес өнерпазы бар камерлық квинтеттің орындауындағы қазақ, орыс, батыс туындылары ерекше әсер етті. Әнші ағамыз өзінің репертуарындағы тыңдарман жүрегіне жол тапқан «Саржайлау», «Теріскей», «Өз елім», «Алатау» әндерімен қатар, сазгер Ә.Бейсеуовтің «Семейім менің, Семейім», «Абайдың елі», семейлік сазгер А.Бейсенбековтің «Ғашықтар серенадасы» әндерін асқан шеберлікпен орындады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде