USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Тұрғындар мекенжайларын онлайн жүйеде ауыстыра алады

Тұрғындар мекенжайларын онлайн жүйеде ауыстыра алады

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді тұрғылықты мекенжайларын онлайн жүйеде ауыстыра алады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының мәліметі бойынша, бұдан былай жаңа мекенжайға тіркелуді электронды үкіметтің порталына кіріп, жүзеге асыруға болады. Аталмыш қызмет түріне қолдарында жаңа үлгідегі төлқұжаты мен ондағы чипке мәлімет енгізетін құрылғысы бар азаматтар жүгіне алады.

- Қазіргі уақытта жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Осыған қатысты қажетті ақпаратты 1414 және 8-800-080-77-77 телефондары немесе egov.kz порталы арқылы алуға болады, - деген ХҚКО мамандары өзгертілген мекенжай жөніндегі барлық мәлімет төлқұжаттың микросхемасында сақталатынын жеткізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Электронды үкімет
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде