USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ақын Жанат Әскербекқызының кеші өтті

Ақын Жанат Әскербекқызының кеші өтті

Өскеменде белгілі ақын, ғалым, білікті аудармашы, Дарын сыйлығының иегері Жанат Әскербекқызының «Қаңтардағы қызыл гүл» атты әдеби-сазды кеші өтті, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Тарбағатай тауларынан таудай талап арқалап аттанған ақынның әдеби-сазды кеші өзі оқып, еңбек жолын бастаған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ болып өтті. Ақынның өлеңін жатқа айтқан, әндерін әуелете орындаған бір топ студенттер қала жұртшылығына көңілді кеш сыйлады. Кешке арнайы келген мәртебелі мейман ақын Қалқаман Сарин Жанат Әскербекқызының қазақ әдебиетіне сіңірген елеулі еңбегін айтып өтті. «Жанат ақынның әдебиет хақындағы ғылыми еңбектері танымал профессорлармен баяғыда-ақ мойындалған. Ол сондай-ақ, Байронды, жапон ақыны Сайгены, түрік, орыс ақындарының бір шоғырын қазақша сөйлеткен шебер аудармашы. Қазақ мифологиясына алғаш түрен салған бірден-бір ақын. Өз басым Жанатты ұстаз тұтамын», - деді Қалқаман Сарин.

Ақын Жанат Әскербекқызының кеші өтті

ШҚМУ оқытушысы, профессор Бауыржан Ердембеков ізгі тілегін білдіре отырып, ақынның айтулы кештері келешекте жалғасын табатынын, ақын университет студенттеріне шеберлік сыныптарын өткізіп тұратынын айтып өтті.

Кеш соңында Жанат Әскербекқызының «Ай тамғы» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: ақындар
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде