USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қыз-келіншектерді зорлық-зомбылықтың шырмауынан құтқарады

Қыз-келіншектерді зорлық-зомбылықтың шырмауынан құтқарады

Шығыс Қазақстан облысында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн » акциясы жүріп жатыр. Үстіміздегі жылдың он бір айында ШҚО-да зорлық-зомбылыққа қатысты он мың 162 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 85 отбасылық-тұрмыстық қылмыс белгілі болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әйел адамға қол көтерген жағдайлардың 21-і адам өлімімен аяқталса, бұдан басқа қатты жарақат алған 36 нәзік жандылардың он алтысы жарақат салдарынан қайтыс болған. 233 қыз-келіншектің ары аяққа тапталған.

- Аталмыш акция БҰҰ-ның қолдауымен бүкіл әлемде жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл «Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатайық» тақырыбымен өтіп жатыр. Оның мақсаты тұрмыста жасалатын зорлық-зомбылық қылмыстарына тұрғындардың назарын аударып, оның алдын алу шараларын қарастыру, - дейді облыстық ІІД-нің әкімшілік прлициясы басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Бақытгүл Қалиева.

Қазақстанда «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғанымен, жәбірленушілердің көпшілігі ол жайында біле бермейді екен. Тұрмыста болатын қылмыстарға жол бермеу үшін осындай заңсыздықтарға бейім адамдармен әңгіме жүргізіледі. Көпшілік орындарда отбасында жәбір көрген жағдайда не істеу қажеттігі жазылған жадынамалар, арнайы буклеттер таратылады.

Отбасылық-тұрмыстық заңбұзушылықтардың алдын алудағы тиімді шаралардың бірі -30 күнге қорғалу нұсқамасын шығару. Осы мерзім аралығында заңбұзушы құқық қорғау орындарының ерекше бақылауында болады. Өкімді бұзған азамат бес тәуліктен 15 тәулікке дейін қамауға алынуы немесе оннан 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Акция шеңберінде полиция қызметкерлері Өскемен қаласында ғана 46 қорғалу нұсқамасын шығарған.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: зорлық
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде